Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

1,57 млн қазақстандыққа 21 250 теңге төлем берілді

2020 жылдың 6 тамыз 2020 17:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2 млн 198,7 мың қазақстандық 42 500 теңгелік біржолғы төлемді алды. Оның ішінде 1 млн 573,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 тамыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 467 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 198,7 мың қазақстандық алды, оның ішінде 1 млн 573,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

2 млн 467 мың өтінімнің ішінде:

– 835,4 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 627,2 мың адам Egov.kz порталы және Telegram бот арқылы;

– 365 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 639,4 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 835,4 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 220,9 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн 410,7 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 235,8 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 198,7 мың қазақстандыққа аударылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Жоғары қарай