Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда дала өрті 50 гектар аумақты шарпыды

2020 жылдың 6 тамыз 2020 13:34

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Кеше Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Дмитриевка ауылдық округінде шөп өртеніп, тілсіз жау 50 гектар аумаққа жайылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына бірден №21 өрт сөндіру бөлімі аттанған. Қызыл жалынды сөндіруге жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен сол маңайдағы шаруа қожалықтардың жұмысшылары да көмек көрсетті. Тілсіз жауды сөндіруге жалпы саны 5 техника мен 14 адам жұмылдырылған.

«Өңірдегі ыстық әрі құрғақ ауа райы даладағы өрт қаупін арттырып отыр. Осы ретте аймақ халқын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Себебі темекі тұқылы, сіріңке, дұрыс жанбаған қоқыс дала шөбі орманның отқа орануына әкеліп соғуы әбден мүмкін», - делінген ведомство мәліметінде.

Айта кетейік, өрт шыққан жағдайда тұрғындар бірден «101» нөміріне дереу қоңырау шалғаны абзал.


Жоғары қарай