Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл 5,8 мың шақырым жолда төлем алу жүйесі енгізіледі

2020 жылдың 5 тамыз 2020 17:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл елімізде 5,8 мың шақырым жолда төлем алу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта республика бойынша ұзақтығы 682 шақырым болатын 4 ақылы учаске жұмыс істейді. Олар - «Нұр-Сұлтан-Щучье», «Нұр-Сұлтан-Теміртау», «Алматы-Қорғас», «Алматы-Қапшағай». Осы учаскелерден жиналған алымдар мөлшері бүгінгі таңда 2,6 млрд теңгені құрады. Өзін-өзі қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық конкурс аясында 11 мың шақырым жолда төлем алу жүйесін орнату және қызмет көрсету жөніндегі шартқа қол қойылды«, - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, шарт аясында биыл ұзындығы 5,8 мың шақырымды құрайтын қайта жаңартудан өткізілген жол учаскелерінде төлем алу жүйесін орнату жоспарланып отыр.

»Кейін тестілік режимде іске қосылады. Қалған 5,2 мың шақырым жолға қайта жаңарту жұмыстарының аяқталуына байланысты 2024 жылға дейін ақы алу жүйесін енгізу жоспарланған«, - деді Сайранбек Бармақов.


Жоғары қарай