Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

7 тамыз: Туған күн иелері

2020 жылдың 7 тамыз 2020 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 7 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




57 жыл бұрын (1963) ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Дина Төлеубекқызы ҒАЛИЕВА дүниеге келді.

Алматы халық шаруашылығы институтын (1984) «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

1984 жылдан - Алматы қалалық атқару комитеті Дәріханалар басқармасы Ленин ауданы Орталық дәріханасының аудандық орталық бухгалтериясының аға экономисі.

1988 жылдан - Алматы қалалық «Фармация» өндірістік бірлестігінің экономикалық-жоспарлау бөлімінің есепшісі, аға экономисі, бастығының міндетін атқарушы. 1992 жылдан - «Фармация» мемлекеттік акционерлік холдингтік компаниясының экономикалық мәселелер жөніндегі бас маманы, қаржылық-жоспарлау бөлімінің бастығы, экономика бөлімі бастығының орынбасары, баға белгілеу және экономикалық болжау бөлімінің бастығы. 1995 жылдан - ҚР Ұлттық банкі бухгалтерлік есеп және бюджет департаментінің бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы; 1997 жылдан - бюджеттік жоспарлау және бақылау басқармасының бастығы; 2002 жылдан - қызметкерлер құрамымен Жұмыс департаментінің директоры. 2005 жылдан - «Қазақстан халық банкі» ЖЗҚ» АҚ басқармасы төрағасының кеңесшісі, төрағаның бірінші орынбасары.

2009 жылдың наурызынан бері - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары.





54 жыл бұрын (1966) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени дамыту комитетінің мүшесі Бекболат Қанайұлы ТІЛЕУХАН дүниеге келді.

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын және аспирантурасын бітірген. 1992-2001 жылдары - Алматы консерваториясының оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі. 1996-1997 жылдары - Республикалық гвардия жанындағы Президент оркестрі фольклорлық ансамблінің жетекшісі. 1997-2001 жылдары - Президент оркестрінің көркемдік жетекшісі. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және қоғамдық келісім вице-министрі. 2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі. 2004-2007 жылдары - «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2007-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-ші шақырылымдағы депутаты болды. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, 2016 жылдың наурызынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымдағы депутаты. «Парасат» орденімен марапатталған. ҚР «Дарын» мемлекеттік сыйлығының және ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Тәуелсіздік толғауы» ІІ Республикалық конкурсының «Айналайын, Азатым!» шығармасы үшін (Ерік Асқаровпен бірге) «Таңдаулы опералық шығарма» аталымындағы лауреаты. Халық әншілігі және орындау шеберлігі проблемалары бойынша бірнеше ғылыми еңбектері бар. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың сөздеріне жазылған әндер, көркем фильмдер музыкасының авторы.





52 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі Қайыргелді Қайратұлы ЕСЕНЕЕВ дүниеге келді.

Көкшетау облысында туған. Ленинград қаласындағы Ленин комсомолы Су асты жүзу Жоғары Әскери-теңіз училищесін минно-торпедалық қару-жарақ мамандығы бойынша бітірген; АҚШ Ұлттық қорғаныс университеті, Ұлттық қауіпсіздік мәселелері және мемлекеттің стратегиялық ресурстары жөніндегі ғылым магистрі (2014).

Еңбек жолы: Солтүстік флоттың, Краснознаменный Солтүстік флотының торпедалық-техникалық базасында, Мурманск облысының поляр қаласында (1990-1994) дизельді суасты қайығының миналық-торпедалық жауынгерлік бөлімі тобының командирі; Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Баутино кентінде Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің бөлімдерінде, (1994-2000) қызмет етті; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі аппаратының сыртқы байланыстар басқармасы (2000-2002); ҚР ҚМ Халықаралық қатынастар саласындағы қызмет (2002-2010); ҚР ҚМ Орталық аппаратының халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы (2010-2013); Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары-бас штаб бастығы (2014-2018); Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті бастығының орынбасары (Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі) - халықаралық ынтымақтастық және әкімшілендіру басқармасының бастығы (2018-2020).

Қазіргі қызметін 2020 жылдың ақпан айынан бастап атқарып келеді.


Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай