Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада жедел жәрдем шақырушылар саны 10 есе азайған

2020 жылдың 3 тамыз 2020 03:00

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Астанада пневмониямен ауыратындар саны 5 есе азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қабылданған карантин шаралары мен ауруханалардағы амбулаториялық емдеудің нәтижесінде, елордада науқасқа шалдыққандар мен жедел жәрдем шақыру санының төмендеу тенденциясы байқалады.

Қала әкімдігінің сайтындағы статистикаға қарасақ, астанала 11 254 індет жұқтыру жағдайы тіркелсе, олардың 74,1%-ы – 8 340 адам сауығып шыққан. «Денсаулық сақтау ұйымдары мен дәрігерлерге түсетін жүктеменің айтарлықтай төмендеуі байқалды. Жедел жәрдемге қоңыраулар саны күніне 4300-ден 1500-ге дейін, яғни 3 есе азайды. Сонымен бірге жедел жәрдемге КВИ бойынша түсетін шақыру саны 500-ден 51-ге дейін, яғни 10 есе азайды. Пневмониямен ауыратындар саны 5 есе азайды. Қаладағы коронавирус індетінің азаю динамикасын сақтап қалу үшін, санитария нормаларын қатаң сақтау қажет», – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Мұратов. 28 шілдеде психикалық денсаулық орталығының базасында орналасқан қаладағы алғашқы жұқпалы аурулар стационары жабылды. 1 тамызда ҚР Қорғаныс министрлігінің бас клиникалық ауруханасы базасында 100 орындық провизорлық стационар және «Рамада Плаза» қонақүй кешені базасындағы жұқпалы аурулар стационары жабылды. Бір апта ішінде үш аурухана жоспарлы медициналық көмек көрсете бастады: №1, № 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы және №2 көпбейінді аурухана. Сонымен бірге, денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, инфекциялық және провизорлық ауруханалар, қажет болған жағдайда, жеткілікті орындармен ашылуға дайын болады. Резервте қосымша нысандар қарастырылған.






Басты сөздер: Коронавирус, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай