Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында 3 тамыздан бастап қандай қызмет түрлеріне тыйым салынады

2020 жылдың 2 тамыз 2020 16:21

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында уақытша шектеу шаралары 17 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденовтің 2 тамызда қол қойған қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысында «Атырау облысында уақытша шектеу шаралары 2020 жылғы 3 тамыз сағат 00:00-ден 17 тамыз сағат 00:00-дейін ұзартылсын» -делінген.

Қаулығы сәйкес, азық-түлік дүкендеріне сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген.

Сонымен бірге, азық-түлік емес дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалар, кондитерлік өнімдерді дайындаумен және сатумен айналысатын сауда орындары, зоодүкендер «үйге жеткізу» қағидатымен сағат 10:00-21:00 аралығында жұмыс істей береді. Дәріханалар таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 22:00-ге жұмыс істейді.

«Думанды, ауқымды спорттық шаралар, көрмелер, форум, конференция, сондай - ақ, отбасылық еске алу (банкет, той, мерейтой, садақа) және үй жағдайында өзгеде шаралардың өткізілуіне, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілерінің, ойын-сауық орталықтарының (караоке, бильярд, компьютерлік клуб, кальян, букмекерлік кеңселер, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, аттракциондар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлардың, барлық мәдени нысандар қызметіне (театрлар, концерттік залдар, мұражай, көрмелер және т.б.), балалар сауықтыру лагерлерінің, мектепке дейінгі ұйымдардың, балалардың коррекциялық кабинеттерінің, білім орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелер, балаларға және ересектерге арналған курстарға, фудкорт, банкет залдарының, СПА орталықтары, жаттығу залдары, фитнес орталықтары, спорттық –сауықтыру орталықтары, бассейн, қоғамдық монша, сауна, сұлулық салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін, маникюр, педикюр қызметін көрсететін орталықтар мен салондар, қалалық және қоғамдық жағажайлар, аквапарктер, демалыс орындарының, жабық ғимараттағы азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, көлік жуу, автомобильдерді жөндеу, тұрмыстық қызмет түрлеріне қызмет көрсетуге, бизнес орталықтардың ( адвокат, нотариус, бухгалтерлік және кеңес беру қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және басқалар) қызметіне тыйым салынсын, діни орындар қызметі (мешіт, шіркеу, ғибадатхана, синагог және т.б) тоқтатылсын» -делінген құжатта.

Еске сала кетелік, Атырау облысында карантин режимі 3 тамызға дейін созылған еді.



Жоғары қарай