Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құрбан айт мерекесінде Қарағанды облысында 1500-ге жуық мал құрбандыққа шалынды

2020 жылдың 31 шілде 2020 20:45

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Құрбан Айт мерекесіне орай Қарағанды облысында бүгін 1500-ге жуық мал құрбандыққа шалынды.

Сойылған мал еті 3 мыңнан астам мұқтаж отбасыларға таратылды, сонымен қатар 4 млн. 211 мың теңге сомасына азық-түлік қоржындары табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылы карантин жағдайында Құрбан айт рәсімін өткізу бойынша бірқатар іс-шаралар пысықталды.

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 32-қ «Қарағанды облысы аумағында Құрбан айт мерекесі күндері короновирустық инфекциясының таралуына ықпал етуші іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы» қаулысы қабылданып, осы қаулыға сәйкес іс-шаралар қабылданды.

Облыс аумағында 243 мешіт қызметін атқарады. Қалалық әкімдіктер мен мешіт өкілдері арасындағы келісім бойынша мал соятын орындарды дайындау және қажетті құралдармен жабдықтау жұмыстары пысықталды, сондай-ақ бекітілмеген орындарда құрбандық шалуға жол бермеу туралы тапсырмалар әкімдіктердің ерекше бақылауына алынды.

Қарағанды облысында барлық қалалар мен аудандарда 18 мал сою орны анықталды, оның ішінде 51 мал етін сақтайтын тоңазытқыш, 79 мал етін тарататын көлік дайындалды. Құрбандыққа шалынған малдың етін 93 қасапшы бөліп, өңдеді. Ал 200-ден астам ерікті мал етін таратумен айналысты. Бұл жұмыстардың барлығын тексеру мақсатында тиісті жауапты полиция, ветеринария қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер секілді мамандар бекітілді. Жұмыстар көрсетілген алгоритм бойынша жүріп жатыр.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен брифинг өткізіліп, тұрғындар арасында ауқымды түсіндіру жұмыстары жасалды. Облыстық бас мемлекеттік санитария дәрігерінің, Облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ Бекқожаның қатысуымен «Saryarqa» телеарнасында «Құрбан айт» мерекесін өткізуіне байланысты брифинг өткізілді. Сонымен қатар «Первый Карагандинский», «5 канал», «Life 09» телеарналарында сұхбат берілді. Онлайн түрдегі құрбан шалу туралы арнайы роликтер мен ақпараттық инфографикалар халық арасында кеңінен таратылды. Әлеуметтік желілер арқылы мешіт имамдары мен ақсақалдар биылғы жылы «Құрбан айт» құрбандық шалудың ерекше рәсімінің тәртібі туралы түсініктемелері жарияланды.

Бүгінгі күні «Qurban2020.muftyat.kz» арнайы сайтына 240 тапсырыс келіп түсті (оның ішінде 140 төлем жасалды), сондай-ақ мұқтаж жандардың 358 өтініші қабылданды. 1439 мал (69 сиыр, 1370 қой) құрбандыққа шалынды, қазіргі уақытта мал еті 3230 мұқтаж отбасыларға таратылды, сонымен қатар жалпы 4 млн. 211 мың теңге сомасына азық-түлік қоржындары табысталды.


Жоғары қарай