Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Димаш Құдайбергеннің есімі жазылған микрочип Марсқа жеткізіледі

2020 жылдың 31 шілде 2020 12:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Флоридадағы Кеннеди атындағы ғарыш орталығында Марсқа ұшу алдындағы кері санақ басталды. Бұл туралы Димаш Құдайберген Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«30 шілде күні, шығыс уақыты бойынша сағат 07:50-де жаңа астробиолог ол жақта бұрын өмір болғандығы туралы деректерді жинау үшін Марсқа ұшып, сол жақта сегіз ай болады», - деп жазды Димаш Құдайберген.


Димаш Құдайберген атымен аталатын отырғызу талонын әртүрлі елдер, соның ішінде АҚШ, Түркия, Ресей берген.

«Мені әрдайым, барлық жерде қолдап жүретін тыңдармандарыма рахмет. Біздің есіміміз жазылған микрочиптер марсқа 2021 жылы жетеді», - дейді ол.






Жоғары қарай