Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды

2020 жылдың 31 шілде 2020 12:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартады. Бүгінгі күні 350 мыңға жуық өтініш түсті. Олардың басым көпшілігі egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданды.

Медициналық анықтамаларды алу кезіндегі қиындықтарға байланысты білім беру ұйымдарына құжаттар тапсыру кезінде оларды ұсынбауға уақытша рұқсат етіледі. Медициналық анықтамаларды мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады.
Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша, білім беру ұйымында жағдай болса, бірінші тоқсанда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуі ұйымдастырылады.

Еске салсақ, 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 тамызға дейін жалғасатындығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.




Жоғары қарай