Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бағдат Сəмидинова бауырлас Қырғыз халқына музыкалық тарту жасады

2020 жылдың 25 шілде 2020 22:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бағдат Сəмидинова бауырлас Қырғыз халқына музыкалық тарту жасады. Ол «Кулгун жаш» əнін қырғызша шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі қиын кезеңде қазақ халқы ынтымақтастықты нығайтып, əлем халықтарымен мәдени байланыстарды арттыра түсуге бар күшін салады.

«Қазақстаннан ыстық ықыласпен» флешмобы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі Бағдат Сəмидинова бауырлас Қырғыз халқына музыкалық тарту жасады. Танымал əнші өз репертуарынан орын алған «Кулгун жаш» əнін қырғыз тілінде орындады», делінген хабарламада.

Ведоствоның мәлімдеуінше, музыкалық өнер арқылы бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бірлік таныту қазіргі сындарлы кезеңде өте өзекті.

«Біз, Қазақ елі, әрдайым халықаралық мәдени ынтымақтастықты арттыруды мақсат тұтып, бауырлас халықтардың қолдауы арқылы барлық қиындықтарды жеңіп шығатынымызға сенеміз», делінген хабарламада.


Еске сала кетсек, танымал өзбек әншісі Джон Руми Инстаграмдағы парақшасында COVID-19 індетіне қарсы күресте қазақ халқына қолдау білдіріп, «Атамекен» әнін шырқады.

Бұдан кейін қазақстандық әнші Əлішер Кәрімов Өзбекстанның халық əртісі Юлдуз Усманованың «Узбекистон» əнін өзбек тілінде шырқады.

Жоғары қарай