Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында жер сілкінді

2020 жылдың 25 шілде 2020 14:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 25 шілде күні жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісі Алматы уақытымен 13 сағат 32 минутта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 122 шақырым жерде, Алматы облысының Кеген ауданы аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 9,1. MPV тербелісі – 3,2. Тереңдігі – 5 шақырым.

МSК-64 шкаласы бойынша сезілу туралы ақпарат: Кеген ауданы, Саты ауылында 2 балдық жерасты дүмпуі сезілген.

Алматы облыстық ТЖ департаменті жергілікті атқарушы органдарға, полиция департаментіне, прокуратура, «Қазауылқорғау» мен басқа да ұйымдарға аталған аймақтағы жағдайды нақтылау үшін хабар берді.

Қираған ғимарат пен қаза тапқандар туралы мәлімет түскен жоқ.


Жоғары қарай