Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Киевте Қазақстан мен Украинаның бизнес-форумы өтеді

2020 жылдың 22 шілде 2020 19:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Киев қаласында Қазақстан - Украина бизнес-форумы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Украинадағы Қазақстан елшілігіне сілтеме жасап.

«2020 жылдың 20 шілдесінде Қазақстан Республикасының Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев пен Украинаның Экономика, сауда және ауыл шаруашылығын дамыту министрі Игорь Петрашконың кездесуі өтті. Олар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, бірлескен бизнес-жобаларды жүзеге асыруға және көлік дәліздерін дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Украина бірлескен мемлекетаралық комиссиясының және Тауар айналымын арттыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына белсенді дайындықты бастауға уағдаласты. Осы іс-шаралар қарсаңында Киевте Қазақстан - Украина бизнес-форумы ұйымдастырылады», - деп хабарлады Украинадағы Қазақстан елшілігі.


Жоғары қарай