Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Көшеде көп адаммен маскасыз жүргендер 83 мың теңге айыппұл төлейді

2020 жылдың 16 шілде 2020 18:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда тұрғындар маскасыз жүрген жағдайда 83 мың теңге айыппұл салынады. Қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қай жағдайда айыппұл салынатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің байқауымызша, көп адам маскасыз жүреді. Көшеде де маска тағу шарт. Себебі, инфекция ауа тамшылары жолмен де жұғады. Мониторинг тобы көшеде көп адамның ортасында маскасыз жүрген адамды көрсе айыппұл салуы мүмкін», - деді Бекшин.

«Айыппұл 83 мың теңге. Егер адам 1 аптаның ішінде төлеген болса, 41 мың теңге төлейді. Бұл біздің көптеген ескертуімізден кейінгі қолға алынатын шара. Барлық билборд, қоғамдық көліктерде ескерту жасалған», - деді ол.


Жоғары қарай