Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маусым айында қазақстандықтар 2 мыңға жуық алтын құймаcын сатып алды

2020 жылдың 16 шілде 2020 20:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы маусымда ел тұрғындары екінші деңгейдегі банктерден және айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 109 кг болатын 1 980 өлшеуіш құйма сатып алды. Бұл жөнінде Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Айта кетейік, 2017 жылдан бері жалпы салмағы 959 кг болатын 28 143 өлшеуіш құйма сатылды.

Алтын құймасы бес түрде ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Клиенттер көп жағдайда салмағы 10 г құйманы жиі сатып алады. Сатудың жалпы көлемінен оның үлесі - 7 590 дана (27%). Одан кейін 5 грамдық – 6 180 дана (22%), 20 грамдық – 5 363 дана (19%), 100 грамдық – 5 908 дана (21%), 50 грамдық – 3 102 дана (11%) тұр.

«Құйма сатып алу бойынша өңірлер арасында көшбасшы - Алматы қаласы (сатылған құймалардың жалпы санынан 52%), одан кейін - Атырау (17%), Нұр-Сұлтан (11%) және басқа өңірлер (20%)» делінген банк таратқан хабарламада.

Қазіргі кезде алтын құймаларын Halyk Bank-тен, Еуразиялық Банктен, Jýsan Bank-тен, Банк ЦентрКредиттен, сондай-ақ айырбастау пунктілерінен сатып алуға болады.

Алтын құймалары инвестициялаудың сенімді құралы ретінде болуы мүмкін. Банктердің және айырбастау пунктерінің клиентке «сол күні» ақша төлей отырып, құйманы кері сатып алу мүмкіндігі – алтын нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы.

16 шілдедегі жағдай бойынша алтынның 1 грамының құны - 23 980.14 теңге.


Басты сөздер: Экономика, ҚР Ұлттық банкі,
Жоғары қарай