Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда дезинсекция жұмыстарының төртінші кезеңі басталды

2020 жылдың 16 шілде 2020 17:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қалада кварталішілік аумақтар мен қоғамдық орындарды өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада маса мен шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекция жалғасуда. 15 шілдеде зиянкестерге қарсы өңдеудің кезекті, төртінші кезеңі басталды.

Қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы бастығының орынбасары Жанар Бескемпірова дезинсекция жұмыстары елорданың барлық төрт ауданында бір уақытта басталғанын айтты.





«15 күннің ішінде жұмыс бүкіл қала бойынша, оның ішінде шет аймақтарда да жалғасады. Өңдеу кезінде масаларға қарсы «Агран», шыбын-шіркейлерге қарсы «Фаскон» сияқты препараттар қолданылады», – деп түсіндірді Ж. Бескемпірова.

Жұмыс масалардың үнемі өсу-көбею орындарында және елорданың айналасындағы барлық су қоймаларында, қорғаныс тосқауылында жүргізілетін болады.








Қаланың кварталішілік аумақтары мен қоғамдық аумақтар – көшелер, саябақтар мен скверлерді өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Жалпы осы жазда зиянкестермен күрестің бес кезеңі өтеді.



Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қауіпсіздік,
Жоғары қарай