Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтауда маска тегін таратылып жатыр

2020 жылдың 16 шілде 2020 05:11

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласының көшелерінде және теңіз жағалауында 4 000 дана маска тұрғындарға тегін таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласында – 2 600 дана, Мұнайлы ауданында – 1 000 дана маска тұрғындарға берілді. Аталған шара алдағы уақытта тұрақты жүргізіледі. Бұл шараны әкімдік Жастар ресурстық орталығы мамандарының көмегімен бірге жүзеге асырды.

«Індеттің таралуын төмендету үшін әрқайсымыз азаматтық жауапкершілік танытуымыз қажет. Сақтық шараларын күшейтіп, маска режимін және санитарлық тазалықты қатаң сақтағанда ғана нәтиже болатындығын естен шығармауымыз тиіс», делінген хабарламада.


Жоғары қарай