Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сапархан Омаров азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін атқарылатын шараларды атады

2020 жылдың 14 шілде 2020 12:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров елде азық-түлік бағасын ұстап тұру бағытында қандай шаралар қолға алынатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін болдырмау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықты молықтыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Импорт алмастыруды ескере отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде айқын жоспар әзірленді», - деді Сапархан Омаров Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, сақтау инфрақұрылымы бойынша қазір республикада 27 млн тонна сақтау сыйымдылықтары бар нысандар, оның ішінде 189 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны бар.

«Алайда шағын және орта фермерлерге арналған 10 мың тоннаға дейінгі кішігірім астық қоймаларының мәселесін шешу керек. Мұндай тәжірибе АҚШ пен Канадада бар, біз де бұл бағытта мемлекеттік қолдау шараларын енгізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, маусымаралық кезеңде қазіргі заманғы көкөніс сақтау орындары мен жеміс сақтау орындары жетіспейді. Бұл үшін заманауи сақтау орындарын салуға жеңілдетілген кредит беру және инвестициялық субсидиялау жүзеге асырылуда», - деді ол.


Жоғары қарай