Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында карантин режимі 175 мәрте бұзылған

2020 жылдың 13 шілде 2020 22:53

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында демалыс күндері карантин режимін бұзған 175 дерек анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне қарамастан Атырау қаласының тұрғындары карантин режимін көбірек бұзған. 12-13 шілде аралығында жүргізілген рейд кезінде Атырау қаласында шектеу режимін бұзудың 81 дерегі тіркелген.

Ал, Жылыой ауданында – 37, Индер ауданында – 4, Исатай ауданында – 14, Қызылқоға ауданында – 7, Құрманғазы ауданында – 23, Махамбет ауданында - 9 дерек анықталып отыр.

«Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің «үйге жеткізу» қағидатымен жұмыс істеуге ғана рұқсат берілсе де, 9​ мейрамхана мен дәмхана келушілерді жабық ғимарат ішінде тамақтандыруды жалғастырған. Сондай-ақ, 24 азық-түлік дүкенінің бекітілген жұмыс уақытынан тыс мезгілде саудамен айналысқаны белгілі болды. Бұған қоса топтанып жүрудің - 26, отбасылық шара өткізудің бір дерегі тіркелді. Карантин талаптарын сақтамау Жылыой аудаында да көп кездесті.​ Бұл ауданда той, садақа түрінде 5 отбасылық шара өткен. Индер ауданында - 4, Құрманғазы ауданында - 3 азық-түлік дүкені тыйым салынған уақыттан кейін де жұмыс істеген» деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сенбі, жексенбі күндері қозғалысқа толықтай тыйым салынғанына қарамастан, көшеде себепсіз жүрудің 30 дерегі тіркелген.

Карантин режимі тек Мақат ауданында ғана бұзылмаған.

Еске сала кетелік, Атырауда карантин күшейтілді.


Жоғары қарай