Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сарапшы: Ұлттық аза тұту күні – халықтың біріккен күні

2020 жылдың 13 шілде 2020 14:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық аза тұту күні – адамгершіліктің ең жоғары үлгісі және пандемия құрбаны болған қазақстандықтарға көрсетілген құрмет. Бұл пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айта отырып, бұл жүздеген отбасының қасіреті екеніне тоқталды. Сондықтан Мемлекет басшысы 13 шілдені Ұлттық аза күту күні деп жариялады. Бұл – адамгершіліктің ең жоғары үлгісі және пандемия құрбаны болған қазақстандықтарға көрсетілген құрмет. Күнделікті ауыр науқастар мен қайтыс болғандар туралы соңғы кездегі есептер ішінен таныстарымыздың, достарымыздың және туыстарымыздың есімдерін естідік», - дейді сарапшы.

Көңіл айту сөздерімен қатар Президент баршамызды халқымыздың басына түскен сынақтар алдында қайсарлыққа, сабырлылыққа, жауапкершілік танытуға шақырды.

«Қазір бүкіл әлем мен біздің еліміз қаскөй, қатыгез, мән берілмеген жауымен алапат соғысты бастан өткеруде. Елімізде Ұлттық аза тұту күні, қазақстандықтар бір сәт үнсіздік сақтап, Елбасы және Мемлекет басшысымен бірге короновирустық пандемия құрбандарына құрмет көрсетті. Осы сын сағаттарда соғыс туралы жаттанды өлең жолдары еске түседі. «Адамдар, жүректерің соғып тұрғанда – Еске сақтаңдар! Өз әніңді, әуендете шырқаған кезде, келмеске кеткендерді сақтағын есте, өтінемін сақтағын есте!» Осы өлеңде – «Бұл үшін өлмеу керек...Бұл деген тірі болу!» деген жолдар бар», - дейді З. Шәукенова.

ҚСЗИ басшысы Ұлттық аза күту күнінің келмеске кеткендерді жоқтау ғана емес, халықтың бірлігінің, олардың рухының, аурудың таралуын тоқтатуға деген шешімінің бекіген күні екенін, өз армандарын, жоспарларын, өмірлерін осы үшін қиғандарды еске алу күні екенін жеткізді.

«Пандемия – адамзаттың сан ғасырлық тарихында орын алып тұратын апаттар. Әр кезеңде бүкіл әлем, мемлекеттер мен адамдар өмірге, болашақ үшін күресуге, медицинаға, ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, жеңіске деген сенімнің арқасында қорқынышты індеттерді жеңген. Президентіміз айтқандай, біз жеңіске жетеміз», - деді Зарема Шәукенова.


Жоғары қарай