Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алексей Цой: Олар біздің есімізде мәңгі нағыз батыр болып қалады

2020 жылдың 13 шілде 2020 10:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус пандемиясының құрбандарын ұлттық аза тұту күні Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы індеттің салдарынан жақындарынан, туған-туыс, бауырларынан, әріптестерінен айырылған еліміздің барша тұрғындарына көңіл айтты.

Министр COVID-19 ендетінің еліміздің жүздеген азаматының өмірін қиғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осы күндері менің әріптестерім – дәрігерлер мен медицина қызметкерлері өмірден озды, мәңгілікке көз жұмды, олар күтпеген қауіп-қатермен бетпе-бет келді, соңғы демдері қалғанша күресті. Бұл қайғылы жағдай біз үшін орны толмас қаза. Олар өмірінің соңына дейін дәрігерлік борышын жанқиярлықпен атқарды. Біздің есімізде олар мәңгі нағыз батыр болып қалады», -деді А. Цой.

Министр бұл індетті тоқтату үшін оған себепкер болып отырған пандемиямен күресте серпінді және тиімді шаралар қажет екенін атап өтті.

«Осы қауіп-қатерді тоқтату үшін мен және менің әріптестеріміз тәулік бойы жұмысымызды жалғасатырудамыз» –деп мәлімдеді министр.

Үкімет медициналық ұйымдарға және дәріханаларға қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша шұғыл шаралар қабылдауда, қосымша төсек орындар ұйымдастырылуда, шетелдік сарапшылармен бірлесіп коронавирусты емдеу әдістері жан-жақты зерделенуде және жетілдірілуде. Ол сондай-ақ қазақстандықтарды қолдан келер көмектері болса осы індетпен күресуде белсенді атсалысуға шақырды және еріктілер мен белсенді азаматтардың маңызды рөлін атап өтті.

«Біз біргеміз, біз панедмиямен жеңіп шығу үшін барлық күш-жігерімізді жұмылдырамыз. Біз бұл қиындықты жұмыла отырып, жеңе алатынымызға сенімдімін.» – деп елімізідің бас дәрігері Алексей Цой сөзін түйіндеді.

Айта кетейік, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі бүгін коронавирус індетімен күрес жолында бақилық болған барлық дәрігерлердің тізімін жариялады.


Жоғары қарай