Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шетелдік БАҚ: Қазақстандық гимнасшы Алина Әділханова – аса талантты спортшы

2020 жылдың 11 шілде 2020 01:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Индонезиялық Okezone.com сайты 18 жасар қазақстандық гимнасшы қыз Алина Әділханованың спорттағы тамаша жетістігіне таңданыс білдірді, деп жазады Sports.kz.

«Қазақстанда аса қабілетті және талантты спортшылар аз емес. Солардың бірі – Алина Әділханова. Оның сымбатты денесі әлемдік спорт жанкүйерлерінің назарын аударды. Әдемілігімен қатар ол көркем гимнастикада керемет жетістіктерді бағындырды. Өзінің балауса шағында спортшы қыз өте жоғары биіктерге қол жеткізді», делінген хабарламада.

Айта кетер болсақ, Әділханова Азияның төрт дүркін чемпионы (2017, 2018), командалық көпсайыста Азиада чемпионы (2018). Сондай-ақ халықаралық спорт шебері атағына ие.



Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай