Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сарыағаш ауданындағы кеденде жатқан 3 мыңнан астам өзбекстандық шекарадан өткізілді

2020 жылдың 10 шілде 2020 22:31

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекетіндегі үш мыңнан астам Өзбекстан республикасының азаматы еліне өткізілді. Көрші елдің азаматтары бірнеше күннен бері шекара аса алмай, кеден бекетінің маңында аялдаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарыағаш ауаны әкімдігінің мәліметінше, өзбекстандықтар соңғы екі тәулікте кеден бекетінен өткізілген. Қазір бұл бекеттің маңындағы автотұрақта тек 40-қа жуық Тәжікстан азаматы түнеп қалған.

«Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен еліне өте алмай тұрған азаматтарға еріктілер және демеушілер тарапынан бір реттік ыстық тамақ, басқа да қажетті заттар беріліп, тиісті көмектер көрсетіліп келеді. Жас балалары бар және жүкті әйелдер сол маңдағы қонақ үйлерге орналастырылып, оларға барлық жағдай жасалынды. Уақытша аумақтың тазалығы күнделікті жүргізіліп, әр жолы жиналған азаматтар шекарадан өткізіле сала дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп келеді. Карантин бастаған наурыз айынан бүгінгі күнге дейін Өзбекстан Республикасының 47 489, Тәжікстан Республикасының 1 554 азаматы елдеріне өткізілген» делінген хабарламада.







Айта кетейік, күні кеше өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты брифинг берген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осы мәселеге тоқталды. Аймақ басшысы наурыз айынан бері жалғасып келе жатқан мәселе өзекті болып отырғанын айтып өтті.

«Өзбекстандағылар азаматтарын шекарадан өткізу үшін карантиндік төсек орындары жеткіліксіз екенін, сол себептен өзкізе алмай отырғанын айтқан болатын. Бізге бұл мәселе әрине үлкен ауыртпашылық түсіріп жатыр. Бұл жерде кейде әкімшілік қызметкерлері, кейде ҚХА тарапынан ыстық тамақтар ұйымдастырылды. Кейде демеушілер қол ұшын созуда. Кеден бекетінде жиналған үш мыңға тарта адамға жағдай жасау әр түрлі тәсілдермен шешілді, бұл жұмыстар әлі де жалғасады. Біз бұл мәселені үкіметтік деңгейде көтеріп жатырмыз. Бізде екі ұсыныс бар. Біріншісі - шекараның арғы жағында транзиттік аймақ бар, тұрақтайтын жерді сонда көшіру. Екіншісі, шекарадан өтетіндерді басқа кеден бекетіне ауыстыру. Өйткені, «Жібек жолы» кеден бекеті елдімекендерге тым жақын орналасқан, қауіп тудыруы мүмкін. Егер жағдай осылай жалғаса беретін болса, күн суытқаннан кейін оларды ұстап тұру өте қиын болады», - деді Өмірзақ Шөкеев.





























Жоғары қарай