Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында өрт шыққан пәтерден екі бала құтқарылды

2020 жылдың 10 шілде 2020 19:34

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Ақтас кентінде екі ер адам жанып жатқан үйден 6 және 3 жасар баланы және газ баллонын алып шықты. Көршілердің жедел әрекеттерінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 шілдеде Қарағанды облысы Ақтас кентінің тұрғыны Никита Борисов төменде орналасқан пәтердің жылу батареясын біреу қағып жатқанын естіген. Бірінші қабатқа түсіп, ол пәтерден шыққан түтінді байқаған. Осы уақытта үйдің тағы екі тұрғыны Михаил Сосновый және Дмитрий Буда да пәтер терезесінен түтін байқап, көмекке асыққан екен.







Өртке қарсы қызметке қоңырау шалып, ер адамдар пәтердің кіре беріс есігін ашуға кіріскен. Көршілер жабылып есікті ашқан.

«Пәтерде екі бала: 6 жасар қыз және 3 жасар ер бала болған. Балалар зардап шеккен жоқ. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін ер адамдар жанып жатқан пәтерден газ баллонын алып шығып, бір бөлмелі пәтер залында болған өртті сөндірді», - деп хабарлайды Қарағанды облысытық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің шығуна балалардың отпен ойнауы себеп болған.

Қарағанды облысының ТЖ департаменті батыл әрекетке барған ер адамдарға ерлгі үшін алғыс айтып, ата-аналарға кішкентай балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады. Сондай-ақ, ТЖД басшылығы ер адамдарды марапаттау туралы өтініш білдірмек.


Жоғары қарай