Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері пневмониядан көз жұмды

2020 жылдың 10 шілде 2020 10:08

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов дүниеден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы жағдайды Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел растады.

«Бүгін Қайрат Қажыманұлынан айырылып қалдық (...) Пневмония», - деді Ғ.Жүкел.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов марқұмның жақындарына көңіл айтты.

«Қайрат Қажыманұлының туған-туыс жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болып, індетпен күрес кезінде көз жұмды», - деп жазды А. Баталов фейсбуктегі парақшасында.

Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2019 жылдың 23 мамырынан бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін атқарады. Үш баланың әкесі


Фото: taldyk.info
Жоғары қарай