Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында есірткі плантациялары жойылды

2020 жылдың 10 шілде 2020 09:51

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бір тәуліктің ішінде есірткі өсімдіктерін өсірудің екі фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған фактілер ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.

Енбекшіқазақ ауданының 26 жастағы тұрғынынан тәртіп сақшылары қара сора өсімдігін тәркіледі. Жалпы салмағы - 51 келі.

Екінші жағдайда, заңсыз өсімдік «бағы» Іле ауданының 54 жастағы тұрғынының үйінің ауласынан табылды. Полицейлер 54 түп марихуана өсімдігін тәркіледі.

Екі күдікті қазіргі уақытта уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу жүргізілуде.











Жоғары қарай