Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада үшем дүниеге келді

2020 жылдың 10 шілде 2020 04:17

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында Қалмырзаев әулетінде үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үлкен қуанышқа бөленген отбасы мүшелері жарық дүниеге келген нәрестелерге Асылым, Інжу және Әлинұр деген есім берді. Үшемдерге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыстық Аналар кеңесі тарапынан сый-сияпат жасалды. Нәрестелерге қазақтың басты құндылығының бірі - домбыра тарту етілді.

«Осылайша қазақтың киелі ұлттық аспабы - домбыраны дәріптеуге назар аударылды. Қаншама ғасырдан бері халқымыздың серігіне айналған қасиетті домбыраны оның әкесіне табыстадық. Ал сәбилердің анасына кеңестің дәстүріне сай сәнді орамал мен сыйлықтар сыйға тартылды», - деді шараны ұйымдастырушылар.

Биыл Қазалы ауданында тұратын Алтынбаевтар отбасында да үшем дүниеге келген болатын.

Жыл басынан бері Облыстық перинаталдық орталығында 80-ге жуық егіз, 2 үшем дүниеге келді.


Жоғары қарай