Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының полицейлері жол апаттарының басты себептерін атады

2020 жылдың 9 шілде 2020 17:10

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының жол сақшылары 2020 жылы облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда болған жол-көлік оқиғаларына талдау жасап, көлік апаттарының басты себептерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 6 ай ішінде облыста 800 астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 28,2 пайызға төмендеген.

«Автожолдардағы көлік апаттарының алдын алу мақсатында биыл орын алған барлық жол-көлік оқиғаларына толыққанды талдау жасалды. Талдау нәтижесінде көлік апаттарының басты себептерінің бірі – жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы. Жылдамдықты арттыру салдарынан 218 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 41 адам қаза болды. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтамауы, дұрыс маневр жасамау және жолдың қарсы бағытына шығу әрекеттері көлік апаттарын жасауға негізгі себептер тудыруда», - деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Жол ережелерін өрескел бұзған жаяу жүргіншілердің де, қозғалыс барысында жаяу жүргіншіге тиісті басымдық бермеген жүргізушінің де әкімшілік жауапкершілігі қаралатыны анық.

«Биыл жол ережелерін сақтамаған 7 429 жаяу жүргіншіге әкімшілік хаттама толтырылса, 1 200-ден астам көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіге басымдық бермегені үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыппұл арқалады», - деп толықтырды полицияның ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.


Жоғары қарай