Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау мен Маңғыстауда 42 градус аптап ыстық сақталады

2020 жылдың 8 шілде 2020 01:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күндіз 8-10 шілдеде Атырау облысының оңтүстігінде 40-42 градус аптап ыстық сақталады.

8 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады. Солтүстік- шығыстан және шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 18 м/с жетеді.

Ал Ақтөбе қаласында осы күні найзағай жарқылдайды.

8 шілде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 41 градус аптап ыстық сақталады.

Жоғары қарай