Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырау облысында мотоциклмен киік қуған тұрғын ұсталды

2020 жылдың 7 шілде 2020 21:09

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының полицейлері Құрманғазы ауданында мотоциклмен киік қуған тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Құрманғазы ауданындағы Егінқұдық ауылының тұрғыны мотоциклмен далада киікті қуып құлатқан.

«Полиция қызметкерлерімен күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде киіктің еті мен мүйізі, басқа да айғақ заттар табылып, тәркіленді»- деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазір аталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен (Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


Жоғары қарай