Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дәрі-дәрмекті қымбат немесе заңсыз сататындарға қандай жаза беріледі

2020 жылдың 7 шілде 2020 18:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди дәрі-дәрмекті қымбатқа немесе заңсыз сататындарға қандай жаза берілетінін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәрі-дәрмекті қымбатқа сататындар Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодекстің 426-бабы бойынша жауапқа тартылады. Бұл бап бойынша жеке адамдарға 70 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік нысандарға 1 000 АЕК айыппұл салынады», - деді Алексей Калайчиди ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша министрлік қазіргі таңда мүлікті тәркілеуге, тіпті лицензияны қайтарып алуға дейінгі шараларды қарастырып жатыр.

«Бір күннің ішінде бізде 426-бап бойынша екі әкімшілік іс қозғалды», - деді Алексей Калайчиди.


Жоғары қарай