Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көкшетау тұрғыны тапшы дәрілерді түнде тығылып сатқан

2020 жылдың 7 шілде 2020 09:45

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда дәрілік препараттардың заңсыз сатылғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводан атап өткендей, Мемлекет басшысының дәрі-дәрмектерді заңсыз баға қосып сатқандарды анықтап, жауапқа тарту туралы тапсырмасына орай, ақмолалық полицейлер жедел алдын алу шарасын бастады.

«6 шілдеде полиция қызметкерлері Көкшетау қаласының 42 тұрғынының дәрілік препаттарды баға қосып сатып жатқандығын анықтады. Олардың арасында өз үйінде «дәріхана» ашып, түнгі уақытта препараттарды сатумен айналысқан ер адам бар. Жедел алдын алу шарасы кезінде кәсіпкер ұсталып, оның заңға қайшы қызметі әшкерленді», - деп атап өтті департаменттен.

Ұсталған адамның үйін тінту кезінде ақша мен дәрілік препараттар: 30 қорап Ибуфен, 10 қорап Асперин және 10 қорап Парацетамол таблеткалары тәркіленді. Осыған байланысты ҚР ҚК-нің 214-бабы 1-бөлігі (заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Тергеу шаралары жалғасуда.


Жоғары қарай