Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысының Кеген ауданында 15 отбасы баспаналы болды

2020 жылдың 7 шілде 2020 07:55

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Елорда күнінде Алматы облысының Кеген ауданында 15 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Кеген ауданының орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған 15 үйдің кілті кезекте тұрған отбасыларға салтанатты түрде табысталды. Тұрғын үйлер негізінен әлеуметтік жағынан қолдауды қажет ететін отбасыларға, көпбалалы жанұяларға, сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген Рысалды Малдыбековаға берілді.

Осы күні аудандағы құқық саласының бір-бір қызметкері де үйлі болды. Қуанышқа аудан әкімі Талғат Байеділов қатысып, мереке күні баспаналы болған отбасыларды қоныстарымен құттықтады. Мұндай игі іс алдағы уақытта да жалғасатынын айтты. Аудан орталығында тағы 36 тұрғын үй салынбақ.

Сондай-ақ шара барысында 15 үйді салған «СЕМ ШОҒЫ» құрылыс сервис« ЖШС-нің директоры Серік Жазықбаев сөз алып, аудан әкіміне естелік кілтті тапсырды.

Ал қуанышқа кенелгендердің бірі Тимур Айтжанов осындай қолдау мен қамқорлық үшін Мемлекет басшысына, облыс, аудан әкіміне жүрекжарды алғысын жеткізді.


Жоғары қарай