Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бұршақ, найзағай, жел: 7 шілде күні ауа райы қандай болады

2020 жылдың 7 шілде 2020 02:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 7 шілде күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың әсерінен елде тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Шығыста дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай мен дауыл болады. Күндіз жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар облысының кей жерлерінде күн күркірейді, жел жылдамдығы - 15-20 м/с. Бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерлерде тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, жел екпіні 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз кей жерлерде желдің күші - 15-20 м/с. Шаңды дауыл соғады.

Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде жел екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреп, тұман түседі.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, Қызылорда облысының оңтүстігінде күндіз қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай