Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дмитрий Медведев Елбасына Қазақстанды дамыту жоспарларын одан әрі жүзеге асыра беруін тіледі

2020 жылдың 6 шілде 2020 19:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Дмитрий Медведев Елбасын мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат және Қазақстанды дамыту бойынша жоспарларын одан әрі жүзеге асыра беруін тіледі.

Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт Көшбасшысы мәртебесі Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты ықпалдастықты және интеграциялық бағыттағы сабақтастықты қамтамасыз етуге зор үлес қосуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Елбасы Дмитрий Медведевке жылы лебіздері үшін алғысын білдірді және бірлескен жұмысты, оның ішінде екі елдің Қауіпсіздік кеңестері мен билеуші партиялары – «Nur Otan» мен «Единая Россия» арқылы жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей тарапы бастамашы болды.


Жоғары қарай