Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада 14 мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етеді

2020 жылдың 6 шілде 2020 10:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында 14 мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А.Жайылғанова Facebook-тегі парақшасында қазақстандықтарды Елорда күні мерекесімен құттықтады.

«23 жыл ішінде ел астанасы заманауи, қарқынды дамып келе жатқан, қайталанбас келбеті мен архитектуралық стилі бар қалаға айналды. Нұр-Сұлтан халықаралық деңгейде танымал Қазақстанның басты көрікті шаһары болды. Осының бәрі – Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орасан зор еңбегінің нәтижесі.

Қазақстан тарихында елорда атауы мен Елбасының есімі егіз ұғым. Себебі Нұрсұлтан Назарбаев елорданы ел орталығына ауыстыру туралы тарихи шешім қабылдағаны белгілі», - деп жазды агенттік басшысы.

Оның айтуынша, ел астанасы – Қазақстан мемлекеттілігінің басты рәміздерінің бірі, бүкіл әлемге танымал бренд.

«Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда ел мен оның азаматтарының игілігі жолында орталық және жергілікті атқарушы органдарда 14 мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етуде. Әрине, мемлекеттік қызметшілердің Отанымыздың елордасында қызмет ететіндіктерін ұғынуы олар үшін кәсіби өсуге қосымша ынта беретіні жасырын емес.

Барлық қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтаймын!», - деді А.Жайылғанова.


Жоғары қарай