Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жамбылда бүгіннен бастап моншалар мен мешіттер жабылып, карантин күшіне енді

2020 жылдың 5 шілде 2020 21:45

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы аумағында ертеннен бастап қатаң шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жамбыл облысы тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің м.а. 05.07.2020 жылы «Қатаң карантиндік шектеу шараларды енгізу туралы» № 28 қаулысы қабылданды» делінген облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Атап айтқанда, 6 шілде, сағат 00:00-ден бастап мына нысандардың қызметіне тыйым салынады:

- азық-түлік супермаркеттері мен оларда орналасқан дәріханаларды қоспағанда, сауда орталықтары мен сауда желілері;

- ойын-сауық нысандары: караоке, бильярд, компьютерлік және түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар, кинотеатрлар;

- мәдени нысандар, діни орындар, балабақшалар мен лагерьлер, білім беру орталықтары, банкет залдары және т.б;

- СПА-орталықтардың, жаттығу залдары, фитнес-орталықтары, спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, қалалық, қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктер, қоғамдық моншалар, сауналар, сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр мен педикюр;

- жабық (ғимараттарда, үй-жайларда орналасқан) азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар.

Көпшіліктің қатысуымен, оның ішінде үй-жайларда іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Қоғамдық орындарға, соның ішінде адамдар көп жиналуы мүмкін нысандарға барған кезде тұрғындар бетперде киюге және антисептиктерді қолдануға қойылатын талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

Саябақтарда, скверлерде, алаңдарда және басқа да демалыс орындарында сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін серуендеуге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, 65 жастан асқан азаматтардың және 3 адамнан астам топтардың жүріп-тұруы шектеледі;

Қоғамдық көлік 07.00-ден 10.00-ге дейін және 17.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар, карантин кезеңінде келесілерге рұқсат етіледі:

- ауданы 500 м²-ден аспайтын азық-түлік емес дүкендердің қызметіне, ауданы 500 м²-ден астам дүкендер тек жеткізіп берумен айналысады.

- медициналық орталықтар (жазылым бойынша);

- қонақ үйлер, санаториялық-курорттық нысандар, демалыс үйлері, туристік базалар;

- дәріханалар қалыпты режимде;

- азық-түлік дүкендері (минимаркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер) 09.00-ден 20.00-ге дейін, үй маңындағы дүкендер 08.00-ден 22.00-ге дейін;

- қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметін тек қана ашық ауада (жазғы алаңдар) 30 отыратын орыннан аспайтын, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін шығару және жеткізу режимінде жұмыс істеу мүмкіндігімен;

- күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіптік кәсіпорындардың; ашық ауадағы құрылыс жұмыстарының, ауыл және балық шаруашылығының, мал шаруашылығының қызметіне рұқсат беріледі;

- күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, уақыт бойынша 09.00-ден 18.00-ге дейін шектеуді сақтай отырып, халыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілерінің (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалары) қызметіне рұқсат беріледі;

- уақыт бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейінгі шектеуді және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бизнес-орталықтардың (адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.), букмекер кеңселерінің қызметіне рұқсат беріледі;

ХҚО жұмысын Egov.kz, EgovKZBot 2.0 телеграм-бот арқылы алдын ала брондау бойынша жұмыс күндері уақыт режимін 9.00-ден 15.00-ге дейін, Call орталықтардың жұмысы сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі күні сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін ал, жексенбі және мереке күндері тыйым салу;

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және уақыт бойынша сағат 09.00-ден 17.00-ге дейінгі шектеуді сақтай отырып және қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы «Қазпочта» АҚ-ның жұмысын ұйымдастыру.

Қаулының толық мәтінімен облыс әкімдігінің ресми сайтында танысуға болады.


Жоғары қарай