Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

59 мың пациентке дейін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеміз - Ералы Тоғжанов

2020 жылдың 5 шілде 2020 20:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан ауруханалары коронавирус инфекциясын емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай дейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезіндегі дәрі-дәрмектің бағасын көтеру фактілері бойынша қатаң шара қабылдау туралы арнайы тапсырма берді. ҚР Президенті ел азаматтарының еміне, оларға дәрілік заттарды қолжетімді етуге ерекше мән беріп отыр. Негізі бұл мәселе - Үкіметтің күн тәртібінде тұрған негізгі жұмыстардың бірі. Соңғы жылдары отандық фармацевтика саласында өндіріс 7 есеге артқанын айтқым келеді», - деді Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда Қазақстан ауруханалары коронавирус инфекциясын емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген.

«Қазіргі уақытта мекемелерде 17 700 адамның жатқанын ескере отырып, болашақта кепілдік болуы үшін 27 мың пациентке дейін дәрілік затпен қамтамасыз етілді. Мұнымен де тоқталып отырған жоқпыз. Ары қарай да нақты шаралар қабылданып отыр. Дәрі-дәрмекті қосымша сатып алу 59 мың пациентке дейін ұлғайтылады», - деді ол.


Жоғары қарай