Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда күніне орай Текеліде  биіктігі 25 метрлік тутұғыр орнатылды

2020 жылдың 5 шілде 2020 13:33

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Текелі қаласында Елорда күні мен Ата Заңымыздың 25 жылдығына орай биіктігі 25 метрлік тутұғыр орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асты.

Ту көтеру құрметіне каратэден жасөспірімдер арасындағы Азия және Әлем чемпионы Әсемай Акрамбек ие болды.

Текеліде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша барлығы 13 жоба жүзеге асып жатыр. Оған 1 млрд 837 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.





Сонымен қатар моноқалада балаларға арналған екі спорт алаңы да пайдалануға берілді.

Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға барлығы 214 адам қамтылуы тиіс. Қазір соның тең жартысынан астамы қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тартылып, аталған нысандарда еңбек етіп жатыр.








Жоғары қарай