Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде 5 шілде сағат 00:00-ден бастап ауданаралық автобустар тоқтайды

2020 жылдың 4 шілде 2020 15:46

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде карантин ережесіне сай азық-түлік дүкендері сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Қоғамдық көліктер 6:00-ден 21:00-ге дейін жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева жаңа қаулы шығарды. Қаулыда облыс бойынша карантин режимін енгізу ережесі толық көрсетілген. Енді саябақтарда үш адамнан артық топтасып жүруге болмайды. Ал 65 жастан асқан адамдар үшін далаға шығу қауіпті.
5 шілде күні сағат 00:00-ден бастап ауданаралық автобустар тоқтайды. Қала ішіндегі қоғамдық көлік сыйымдылығының тең жартысымен ғана жолаушы тасымалдай алады. Өңірде балабақшалардың жұмысы толық тоқтады. Тіпті кезекші топтар да болмайды.
«Мал азығын, көлік сататын, коммуналдық базарлар, ашық алаңда көкөніс сататын көтерме базар 8:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Әр аптаның дүйсенбісінде дезинфекция жүргізіледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 15:00- ге дейін электронды кезекпен қызмет көрсетеді. Екінші деңгейлі банктер 9:00-ден 18:00-ге дейін ашық. Ломбард, букмекерлік кеңсе, адвокаттар кеңсесі, жылжымайтын мүлік агенттігі, нотариус та 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтану орны сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді», - деп жазылған қаулыда.
Еске салсақ, бұған дейін енгізілген сенбі, жексенбідегі шектеулер алынып тасталды.


Жоғары қарай