Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанға коронавирусты емдейтін жаңа препарат әкелінді

2020 жылдың 3 шілде 2020 13:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы стационарлық ауруханаларда КВИ жұқтырғандарды ресейлік жаңа препаратпен емдейді. Жаңа дәрінің жеткізілгенін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Авифавир» атты жаңа препарат коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған хаттамаға енгізілген.

«Бұл препарат бір реттік тәртіпте сатып алынып, біздің елге жеткізілді. Онымен стационарлық науқастарды емдейді. Осы препаратпен емделетін адамдар бақылауға алынады. Себебі ол препарат - жаңа. Клиникалық сынақтан жақында ғана өткен», - деді Ажар Ғиният.

Айта кетсек, бұған дейін Ресей Федерациясында аталған препарат сынақтан сәтті өткізілгені хабарланған еді.


Жоғары қарай