Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қапшағай маңында көлік аударылып, үш адам мерт болды

2020 жылдың 3 шілде 2020 11:18

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы-Өскемен тас жолының 66 шақырымында «Лада гранта» көлігі аударылып, 3 адам мерт болып, тағы екі адам жарақаттанды. Көлік апатына түскен автокөлік Алматы жаққа қарай бағыт алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2 маусым күні 16 сағат 42 минутта Қапшағай қалалық полициясының кезекше бөліміне көлік апаты жайлы хабарлама түсті. Оқиға Алматы-Өскемен тас жолының 66-шы шақырымда болған. Аударылған «Лада гранта» көлігінің 27 жастағы жүргізушісі, Талдықорған қаласының тұрғыны мерт болды. Сондай-ақ, 66 жастағы Қапшағай қаласының және 61 жастағы Кербұлақ ауданының тұрғыны жан тапсырды. Тағы екі адам жарақаттанды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», -делінген Алматы облыстық Полияция департаменті баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.


Жоғары қарай