Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

6 шілде. Туған күн иелері

2020 жылдың 6 шілде 2020 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 6 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




80 жыл бұрын (1940) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi.

Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры, Беларусь ғылым академиясының құрметті мүшесі, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973-1977 жылдары - Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы. 1977-1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы. 1979-1984 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984-1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. 1989-1991 жылдары - Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы. 1990 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасының Президенті. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев басым дауыспен (98,7 процент) жеңіске жетті. 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен баламалы сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 процент дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды. 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. 2010 жылдың 14 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 298-ІV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді. 2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. 2015 жылғы 26 сәуірде өткен сайлауда жеңіске жетіп, сайлаушылар дауысының 97,75 процентіне ие болды. Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы. 2019 жылы 19 наурызда Қазақстан халқына арнаған үндеуінде өзінің отставкасы туралы жариялады.




57 жыл бұрын (1963) ҚР Бас прокуратурасы Күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы Жарқынбек Кендірбекұлы БАҚАШБАЕВ дүниеге келді.

Өзбекстанның Ташкент облысында туған. 1985 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетiн құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы: Шымкент, Түркістан қалаларының прокуроры, ҚР бас прокурорының көмекшісі, Қызылорда облысы прокурорының орынбасары, Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары (2017-2019) қызметтерін атқарды.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың мамыр айынан бастап.


Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай