Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

5 шілде. Туған күн иелері

2020 жылдың 5 шілде 2020 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 5 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




62 жыл бұрын (1958) VI шақырылымдағы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Шәкір Құсайынұлы ХАХАЗОВ дүниеге келген.

Алматы облысы Жаркент қаласында туған. C. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік универитетін «Механика» мамандығы бойынша, Алматы халық шаруашылық институтын «Халық шаруашылығын жоспарлау» мамандығы бойынша, Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль -жол академиясын «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша және Д. А. Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін «Көпірлер мен тоннельдер» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Еңбек жолын 1980 жылы Талдықорған облысы Панфилов қаласында Луначарский атындағы орта мектепте математика пәнінен мұғалім болып бастаған. 1980-1985 жылдары - ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, қорғаныс-бұқаралық нұсқаушысы және спорттық жұмыстар бөлімінің басқарушысы, Панфилов аудандық комсомол комитетінде басқарушы. 1985-1987 жылдары «Казремстройбыт» басқарушысы. 1987-1990 жылдары коммунистік партияның Панфилов аудандық комитетінің нұсқаушысы. 1990-1991 жылдары коммунистік партияның Панфилов аудандық комитетінің партия комиссиясының төрағасы. 1991-1997 жылдары «Панфиловколхозстрой» кірпіш зауыты тресінің директоры. 1997-2002 жылдары - «ZAAIR» ЖШС (құрылыс фирмасы) директоры. 2002-2004 жылдары «Ай-Би» ЖШС (құрылыс фирмасы) директоры, 2004 жылдың ақпанынан қарашаға дейін өндірістік «АлматыГорРемСтрой- Контракт» ЖШС директорының орынбасары. 2004-2016 жылдары «ОСК- Стройсервис» ЖШС бас директоры. 2016 жылдың 24 наурызынан Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаты болып бекітілді.

2009 жылы «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атағын иеленді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медальдарымен марапатталды.

Мінсіз еңбегі үшін«INSAM» алтын медаліне, қайырымдылық жұмыстары үшін «Сауап» медаліне және ҚР Президентінің алғыс хатына ие болған. «Құрмет» орденінің кавалері, II дәрежелі «Достық» орденінің кавалері.




39 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі кеңсесінің басшысы Байсынов Әсет Ибраимұлы дүниеге келді.

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, құқықтану мамандығы бойынша (2002); ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі (2006); «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дьюк университетін (АҚШ), халықаралық даму саясаты магистрі (2015) бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы (2002-2003); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Халықаралық ынтымақтастық басқармасының жетекші маманы (2003-2004); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің инспекторы (2004-2006); Қазақстан Республикасы Қоршаған орта министрлігі заңнаманы реформалау және құқықтық сараптама бөлімінің басшысы (2006-2007); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің бас сарапшысы (2007-2009); Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары (2009-2011); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті форсайт және жоспарлау басқармасының басшысы (2011-2012); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігін іріктеу және жылжыту мониторингі секторының меңгерушісі (2012-2015); Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (2015-2016); Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ғылыми-технологиялық даму департаментінің директоры (2017-2019).

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың мамыр айынан.




26 жыл бұрын (1994) Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы дүниеге келді.

​Жоғары бизнес мектебін – Ұлттық Луис университетін (WSB-NLU, Польша) «менеджмент», 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

​Еңбек жолын 2011 жылы Алматы қаласындағы «Даке барлау» ЖШС-нің кадр бөлімшесінің инспекторы болып бастаған. Әр жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің сарапшысы, басшысы; ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің басшысы; ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің басшысы қызметтерін атқарған. 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Адами ресурстарды басқару департаменті Кадр жұмыстары басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарған.

Қазіргі қызметін 2020 жылдың қаңтарынан атқарып келеді.


Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай