Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауда дәрі-дәрмек жетіспеушілігі мәселесі аптаның соңында шешіледі

2020 жылдың 3 шілде 2020 00:25

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні Маңғыстау облысының дәріханаларында дәрі-дәрмек жетіспеушілігі мәселесі туындап отыр. Бұл туралы өңірлік комуникациялар орталығының Маңғыстау облыстық филиалынан хабарланды.

Бүгінгі таңда Ақтау қаласында дәрі дәрмектерді тасымалдаумен 4 мекеме айналысады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар «Медсервис» ЖШС, «Эмити» ЖШС, «Іңкәр» ЖШС және «Ада-фарм» ЖШС. Бүгінгі таңда, «Іңкәр» және «Медсервис» мекемелеріне дәрілер келіп түсті және олар, дәріханаларға жеткізілуде.

Сонымен бірге, «Ада-фарм» ЖШС өзінің 22 дәріханасын толық қамтамасыз етті. «Медсервис» ЖШС және «Эмити» ЖШС өңірге қажетті дәрі-дәрмектерді шілденің 7-сі жеткізетін болып отыр. Осыған орай, алдағы аптаның ортасында облыстағы дәрі-дәрмекке деген қажеттілік қамтамасыз етіледі. Қазір таңда, Ақтау қаласында антибиотиктердің 18 атауы, вирусқа қарсы препараттардың 9 атауы, қызу түсіретін дәрілер 17 атауы бар.

Айта кету керек, дәрі-дәрмек жетіспеушілігі қазір барлық өңірде де байқалып отыр. Бұл бағытта Маңғыстау облысының әкімдігі, облыстық провизорлар мен фармацевттер қауымдастығы және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті арасында дәрілік заттарға қажеттіліктің өсуіне қатысты мәселелер бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасақталды.


Жоғары қарай