Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы гарнизонында көктемгі әскери шақыру туралы түсіндірілді

2020 жылдың 2 шілде 2020 12:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көктемгі әскерге шақырылғандар жиналу пунктінде 3 күн медициналық қараудан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық гарнизонының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазір қалада көктемгі әскери шақыру жүріп жатыр. Көктемде болған карантинге байланысты бұл процесс жазға қалдырылған болатын.

«Ереже бойынша олар Қазақстан Қарулы күштері қатарына әскери қызметке бармас бұрын 3 күн қалалық Қорғаныс департаментінің жиналу пунктінде медициналық қараудан, психологиялық тестілеуден өтіп, әскери бөлім басшыларымен әңгімелеседі», - деді баспасөз қызметінен.

Шақырылушыларды іріктеу кезінде оларға 3 мезгіл тамақ пен жатын орынды қамтамасыз етеді. Алайда режимдік нысанда ұялы телефон қолдануға болмайды.

Әскери қызметке жарамды деп танылғандар әскери бөлімдерге жіберілсе, жарамсыздары үйлеріне қайтарылады.

«Олардың барлығы жақындарымен кездеседі. Бірақ, карантин болғандықтан, бұрынғыдай салтанатты шығарып салу болмайды», - деді баспасөз қызметінен.

Мұның алдында ата-аналар балаларын жиналу пунктіне жинап алып, еш хабарсыз қалдырғанын айтып шағымданған болатын.


Жоғары қарай