Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2022 жылғы арнайы қысқы Олимпиада ойындары Қазанда өтеді

2020 жылдың 2 шілде 2020 00:06

ҚАЗАН. ҚазАқпарат – 2022 жылғы арнайы қысқы Олимпиада ойындары Қазанда өтетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Ойындар ақыл-есі кем спортшылардың арасында өтеді. Мұндай арнайы Олимпиада ойындары соңғы рет Австрияда 2017 жылы өткен болатын.

«2022 жылғы ойындар біздің елде Special Olympics International ұранымен өтетін алғашқы халықаралық шара болмақ. Ойындар мың жылдық тарихы бар Татарстан астанасы – Қазан қаласында өтеді. Қазан кейінгі 10 жылдың ішінде ірі спорттық шараларды: 2013 жылғы Бүкіләлемдік жазғы Универсиаданы, 2015 жылғы су спорты түрлері бойынша әлем чемпионатын, футболдан әлем чемпионатының матчтарын өткізген болатын», - делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қысқы ойындарға 108 мемлекеттің екі мыңға жуық спортшысы мен юнифайд-серіктес қатысады.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай