Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«C5+1» жоғары деңгейдегі кездесуі бейнеконференция форматында өтті

2020 жылдың 1 шілде 2020 01:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «C5+1»-дің жоғары деңгейдегі кездесу бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Жиынға Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Қырғызстаннан – Чингиз Айдарбеков, Тәжікстаннан – Сироджиддин Мухриддин, Түрікменстаннан – Рашид Мередов, Өзбекстаннан – Абдулазиз Камилов, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео және оның орынбасары Дэвид Хейлдің қатысты.

Бейнеконференцияға қатысушылар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту жолдары мен жоспарларын, сондай-ақ COVID-19 пандемиясының таралуы кезіндегі шақыруларға жауап беру бойынша бірлескен күштерді талқылады. Іс-шара барысында тараптар Ауғанстан Ислам Республикасында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуді қолдау жөніндегі күш-жігерді талқылады.

М.Тілеуберді жаһандық күйзелістерге қарамастан, платформа Орталық Азия мен АҚШ арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, транзиттік және көліктік әлеуетті дамытуда технологиялар мен сараптамалық көмек тартуға, қоршаған ортаны сақтауға және аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға арналған тиімді алаң болып қала беретінін атап өтті. Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Орталық Азияға АҚШ инвестициялары мен технологияларын тарту және ол үшін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының алаңын қолдану бойынша «C5+1» диалогы аясындағы жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.





Тараптар өңірлік мәселелерді бірлесіп шешу үшін өзара ықпалдастықты белсендетуге ниет білдірді.

«C5+1» форматы 2015 жылдан бастап жұмыс істейді және Орталық Азияның бес елі мен Америка Құрама Штаттарының өзара әрекеттесуінің көпжақты механизмі болып табылады.





Басты сөздер: ҚР СІМ, Америка, Орталық Азия,
Жоғары қарай