Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында үш күн бұрын  жоғалған оқушы  табылды

2020 жылдың 30 маусым 2020 17:17

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері үш күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 10-сынып оқушысын іздеп тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция Департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,

маусымның 28-і күні сағат 15:45 шамасында Іле ауданының кезекші бөліміне Көктерек ауылының 42 жастағы тұрғыны шағымданған. Ол 16 жастағы ұлының 26 маусым күні әкесі екеуінің арасындағы жанжалдан кейін үйден шығып, жоғалып кеткенін жеткізген. Сол уақыттан бері ол ұлынан еш хабар ала алмаған. «Аталған дерек тіркеліп, полицейлер бірден іздеу жұмыстарына кірісті.

Бір тәулік ішінде тәртіп сақшылары іздестіріліп жатқан бозбаланың туыстары арқылы оның көрші кенттегі орналасқан жерін, яғни құрылыста жұмыс істеп жүрген орнын анықтады. Оқушының телефон арқылы анасына хабарлама жібергені белгілі болды. Алайда анасы ол хабарламаны оқымаған. Тәртіп сақшылары тәрбие-түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін, оны ата-анасына тапсырды»,- делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Оқиға, Алматы облысы,
Жоғары қарай