Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Із-түзсіз жоғалған ақмолалық Нұр-Сұлтанда ауруханадан табылды

2020 жылдың 30 маусым 2020 15:42

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жоғалған 40 жастағы әйел Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханадан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Ерейментау аудандық ПБ-не жергілікті тұрғын, 40 жастағы әйелдің туыстары хабарласып көмек сұраған. Туыстарының сөзінше, әйел маусымның 15-де үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

«Жедел-іздестіру кезінде тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған әйелдің елордағы медициналық мекемелердің бірінде болғанын анықтады», - дейді ведомстводан.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері 12-ші маусым күні жоғалған Степногор қаласының тұрғыны 27 жастағы әйелдің жүрген жерін анықтады. Әйел үйінен кеткеннен бері жақындарымен байланысқа шықпаған.

«Анықталғандай, әйел Қарағанды қаласында болған, оған қатысты қылмыс немесе қандай да бір құқық бұзушылық жасалған жоқ. Онымен профилактикалық әңгіме өткізілді», - деп толықтырды ведомстводан.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары өңір тұрғындарына ұзақ уақытқа басқа жаққа кеткен кезде жақындарына ескертуді сұрайды.


Жоғары қарай