Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Субсидия берілетін әуе бағыттарына екінші конкурс жарияланды

2020 жылдың 30 маусым 2020 11:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Субсидия берідетін әуе бағыттарына екінші конкурс жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Халықтың әуе қатынасына қажеттілігін қанағаттандыру үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті 2020 жылға арналған жолаушыларды, багаж, жүк пен почта жөнелтілімдерін тасымалдау үшін субсидияланатын авиамаршруттар бойынша конкурс жариялайды.

Биылғы 2 шілдеде өтетін конкурста әуе компаниялары мына бағыттарға таласа алады:

- Нұр-Сұлтан – Балқаш – Нұр-Сұлтан;

- Нұр-Сұлтан – Үшарал - Нұр-Сұлтан;

- Алматы – Жезқазған – Алматы.

Конкурс құжаттарының топтамасын 2020 жылғы 1 шілде сағат 10:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласы Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайынан алуға болады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжат ұсынатын соңғы мерзім - 2020 жылғы 1 шілде, сағат 18:30.


Жоғары қарай